Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Астанада Шархан Қазығұлдың жаңа кітабының тұсаукесері өтті

Астанада Шархан Қазығұлдың жаңа кітабының тұсаукесері өтті

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі жазушы-публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шархан Қазығұлдың 70 жас мерейтойына орай жарық көрген «Таңдамалы шығармалар жинағы» кітабының тұсаукесері өтті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, ҚР ҰҒА академигі Бауыржан Омаров мерейтой иесіне Мемлекет басшысының құттықтауын табыс етті. Сондай-ақ қаламгерге ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің, Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаттары табысталды.

Іс-шараға депутаттар, қоғам қайраткерлері, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов, зиялы қауым өкілдері мен жазушылар қатысты.

Жинаққа қаламгердің әр жылдары жазылған көркем және публицистикалық шығармалары кірген. Кітап жеті бөлімнен тұрады. Жинаққа «Күлпет» романы, екі әңгіме, «Оңашадағы онлайн ойлар» туындысы, сондай-ақ билік, әдебиет, өнер және журналистика саласындағы танымал тұлғалар туралы эсселері енген. Сонымен қатар  жинаққа портреттер мен «Футбол философиясының фрагменттері» атты туынды кірген.