Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Сауалнама: Қазақстандықтардың 70%-дан астамы референдумға қатысуға ниетті

Сауалнама: Қазақстандықтардың 70%-дан астамы референдумға қатысуға ниетті

«Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы  жүргізген сауалнамаға сәйкес, Қазақстан тұрғындары Конституциялық реформаны талқылау процесі туралы жоғары деңгейде ақпараттанған.

Сауалнамаға қатысқандардың 67,1%-ы жаңа Конституция жобасының мазмұнымен толық немесе ішінара таныс екенін айтқан. Ал 27,3%-ы жаңа Конституция жобасының талқыланып жатқанын естіген.

Респонденттердің басым бөлігі 90,9% жаңа Конституцияны қабылдауды қолдайды. Оның ішінде 67,1%-ы толық қолдайтынын, ал 23,8%-ы көбіне қолдайтынын білдірген.

Айта кетейік, сауалнама 16 ақпан мен 4 наурыз аралығында жүргізілген. Зерттеуге 17 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қаладан 18 жастан асқан 8 000 респондент қатысты.


Фото: Gov.kz