Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Атырауда жоғалған отбасы: Тағы екі адамның мәйіті табылды

Атырауда жоғалған отбасы: Тағы екі адамның мәйіті табылды

Индонезияда ұсталған күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева Қазақстанға жеткізілді.

Күдікті ұсталғаннан кейін кінәсын мойындаған. Нәтижесінде хабар-ошарсыз кеткен ұл мен қыздың мәйіттері Атыраудағы үй ауласынан табылды.

Тергеу екі және одан да көп адамды өлтіру бабы бойынша жүргізілуде.

ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетовтың айтуынша, қылмысқа ұзақ уақытқа созылған тұрмыстық жанжалдар себеп болған.

Отбасының кіші қызының бұл іске қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Психикалық жағдайын анықтау мақсатында сот-психиатриялық сараптама тағайындалып, медициналық мекемеге жеткізілді.



Фото: aikyn.kz