Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Сыртқы Істер министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

Сыртқы Істер министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

Таяу Шығыс елдеріндегі қауіпті жағдайға қарамастан сол жақтарға сапарлауға әрекеттеніп жатқан қазақстандықтар бар. Бұл туралы бүгін Сыртқы Істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев баспасөз мәслихатында айтты.

Ол Қазақстан азаматтарына арналған нұсқаулықты жариялады. Бахрейн, Мысыр, Израиль, Йемен, Иордания, Ирак, Иран, Қатар, Сауд Арабиясы, Кувейт, Ливан, Бірікке Араб Әмірліктері, Оман және Сирияға барудан бас тартуға шақырды.

Айта кетейік, эвакуация басталғалы бері уәкілетті мемлекеттік органдар әуе компаниялардың көмегімен 8 жарым мыңнан аса отандасымыз елге қайтарылды.

Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Алдағы күндері Израильден - 78, Қатардан - 350, Біріккен Араб Әмірліктерінен - 550 және Сауд Арабиясынан 300 адамды эвакуациялау жоспарланған.



Фото: egemen.kz