Астанада Мәслихат депутаттарының III республикалық форумы өтуде
Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтіп жатыр.
Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 2 мыңнан астам депутат қатысып жатыр.
Шараның мақсаты – Мемлекет басшысы жүргізіп жатқан саяси реформаларды жалғастыру аясында, соның ішінде жаңа Конституция жобасы шеңберінде депутаттар мен мәслихаттардың жұмыс тәсілдерін жаңарту.
Сондай-ақ мәслихаттардың рөлін күшейту, халықпен ашық байланыс орнату және өңір мәселелерін тиімді шешу жолдары талқыланады.
Фото: Ақорда