Референдумның әділ, таза, ашық өтетініне күмәнім жоқ – Ерлан Қошанов
ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда дауыс берді.
– Референдумның әділ, таза, ашық өтетініне менің күмәнім жоқ. Себебі біз ел-елді аралап келдік. Халықтың көңіл-күйін көріп отырмыз, қолдауын сезіп отырмыз. Ешқандай заңбұзушылыққа баратынына негіз жоқ. Бұл – төрт жылдың ішіндегі үшінші референдум. Бұған дейінгі екі референдумда да халықтың белсенділігін көрдіңіздер, – деді Е.Қошанов тілшілерге берген сұхбатында.
Дереккөз: Қазақпарат