Қазақстанда жасанды интеллектті дамыту: басты міндет – кадр даярлау
Бұл туралы Қазақстандағы жасанды интеллектті дамыту қауымдастығы төрағасының орынбасары Анар Төлеубаева мәлімдеді.
«Қазақстан цифрлық үкіметті дамыту бойынша әлемдік рейтингте 24-орында тұр. Бұл – көптеген мемлекеттермен салыстырғанда өте жақсы көрсеткіш. Алайда жасанды интеллектті дамыту деңгейі бойынша біз әзірге 76-орындамыз. Демек, бұл бағытта әлі де ауқымды жұмыс қажет. Тек инфрақұрылым немесе суперкомпьютерлер жеткіліксіз, ең алдымен білікті мамандар даярлау маңызды. Сонымен қатар әрбір азамат жасанды интеллектті күнделікті өмірде қолдануды үйренуі керек», - дейді Анар Төлеубаева.