Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Референдумда өрескел тәртіп бұзу фактілері болған жоқ - ІІМ

Референдумда өрескел тәртіп бұзу фактілері болған жоқ - ІІМ

Еліміздегі референдум учаскелерінің ешқайсысында қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілеріне жол берілмеді. Бұл туралы «Референдум – 2026» онлайн-марафоны аясында ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев хабарлады.

- Бүгін полиция қызметкерлері еліміз бойынша республикалық референдумның қауіпсіз өтуін қамтамасыз етті. ҚР ІІМ дауыс беру аяқталғаннан кейін де қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді жалғастырады. Сайлау комиссияларының, байқаушылардың қауіпсіз жұмыс істеуіне және азаматтардың өз таңдауын еркін түрде жасауына барлық жағдай жасалды, 
- деді ол.