Оскар-2026: Жеңімпаздардың толық тізімі белгілі болды
Биылғы «Оскардың» басты жүлдесін режиссер Пол Томас Андерсон түсірген «Шайқастан кейін тағы шайқас» фильмі жеңіп алды. Режиссер бұл туындысы үшін «Үздік режиссер» және «Үздік бейімделген сценарий» аталымдары бойынша да екі бірдей мүсінше иеленді.
🔹Үздік актер – Майкл Б. Джордан, «Күнәһарлар»
🔹Үздік актриса – Джесси Бакли, «Гамнет»
🔹Үздік қысқаметражды фильм – «The Singers, Two People Exchanging Saliva»
🔹Үздік визуалды эффектілер – «Аватар: От пен күл»
🔹Үздік деректі фильм – «Путинге қарсы мистер Ешкім»
🔹Үздік халықаралық фильм – «Сезім құндылығы»
Дереккөз: baq.kz