Олжас Бектенов: Еліміз Президент басшылығымен дамудың жаңа кезеңіне қадам басты.
Олжас Бектенов жалпыхалықтық референдум нәтижесінде жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты қазақстандықтарды құттықтады.
"Біз барлығымыз ел тағдыры үшін маңызды тарихи оқиғаның куәгері болдық. Қазақстандықтар жаңару мен жаңғыруды қолдап, мемлекеттігімізді нығайтуға өз үлестерін қосты", – делінген құттықтауда.
Олжас Бектенов Әділетті әрі өркендеген Қазақстанның жаңа тарихы ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті құрметтей отырып, демократиялық құндылықтар негізінде қалыптасып жатқанын айтты.
Фото: baq.kz