Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Референдумның түпкілікті қорытындысы шықты

Референдумның түпкілікті қорытындысы шықты

Бүгін Орталық референдум комиссиясы 15 наурызда өткен жаңа Конституция жобасына қатысты референдумның түпкілікті қорытындысын шығарды.

  • Референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жалпы саны – 12 482 613;
  • Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны – 9 127 192 немесе 73,12%;
  • Референдумға шығарылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны – 7 954 667 немесе дауыс беруге қатысқандардың 87,15%-ы;
  • Референдумға шығарылған мәселенің теріс шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны – 898 099;
  • Жарамсыз деп танылған бюллетеньдердің саны – 146 558.

Осылайша республикалық референдумға дауыс беру үшiн шығарылған жаңа Конституция қабылданды деп есептеледі.


Фото: gov.kz