Домбыраны ұшақ бортында алып жүруге рұқсат етілуі мүмкін
ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев домбыраны және басқа да музыка аспаптарды ұшақ бортында алып жүруге қатысты түсінік берді.
- Дәл осы мәселе бойынша тиісті ұсыныстар пысықталып жатыр. Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне музыка аспаптарын, оның ішінде домбыраны тасымалдау бойынша заңнамалық реттеу тетігін енгізу тапсырылды. Менің ойымша, жақын арада жолаушылар мен жүктерді және багажды тасымалдау ережесіне тиісті өзгеріс енгіземіз. Бұл тұрғыда аспаптарды қандай тәртіппен ұшақ бортында алып жүрудің нақты қағидаты болады, - деді Т. Ластаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Фото: adyrna.kz