Алматыдағы жол апаты: Бірқатар қылмыстық іс қозғалды
ІІМ мәліметінше, аталған көлік апатына қатысты бұған дейін қылмыстық іс қозғалып, көлік жүргізушісін сот санкциясымен қамауға алу шарасы қабылданған.
Сондай-ақ өзге де заң бұзушылық белгілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Қазіргі уақытта қызметтік тексеріс басталып, Полиция департаментің бірқатар басшысы қызметінен босатылды.
«Заң бұзушылықтар расталған жағдайда апат қатысушылары да, лауазымды тұлғалар да жауапқа тартылады», - деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Фото: aikyn.kz