Наурыз айындағы ҰБТ: 179 талапкер ереже бұзғаны үшін тестілеуден шеттетілді
Наурыз айында өткен ҰБТ-ға 117 мың талапкер қатысты. Олардың 71,6 %-ы тестілеуді қазақ, 28,3%-ы орыс және 111 адам ағылшын тілінде тапсырды. Тестке қатысушылардың 67,11 %-ы шекті балл жинаған.
ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттіліктері бар 283 талапкер қатысты.
Тестілеу кезінде 179 ереже бұзушылық анықталды. 97 талапкер тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін, 82 адам тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін шеттетілді.
Фото: inbusiness.kz