Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Сот Шавкат Рахмоновтың жұбайына үкім шығарды

Сот Шавкат Рахмоновтың жұбайына үкім шығарды

Гүлайым Рахмоноваға адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы үшін 5 жыл жаза тағайындалды. Сондай-ақ оған 7 жылға дейін көлік жүргізуге тыйым салынды.

Кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жаза өтеу мерзімі 5 жылға кейінге шегерілді. Рахмонова сотта өз кінәсін мойындамады.

Еске салайық, 2025 жылдың жазында Алматы – Екатеринбург тасжолында Toyota Land Cruiser 200 көлігінің жүргізушісі басқаруды игере алмай қалған. Көлікте төрт адам болған: екеуі қаза тапты, ал Рахмонованың өзі мен бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.


Фото: tengri.kz