Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Маңғыстауда Үстірт тау қойы көбейіп келеді

Маңғыстауда Үстірт тау қойы көбейіп келеді

Маңғыстауда Үстірт тау қойының саны артып келеді. «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің инспекторлары ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жабайы жануарларға көктемгі санақ жүргізді.

Мамандар жан-жануарлардың қыс мезгілінен қалай шыққанын, жәй-күйін бақылаған. Нәтижесінде Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген Үстірт тау қойының саны былтырмен салыстырғанда біраз өскені анықталды.

Одан бөлек қарақұйрық, қарақал, қарабауыр бұлдырық, жұртшы, ителгі, дала қыраны, тазқара сияқты «Қызыл кітапқа» енген аң-құстар кездесіп, тіркелген.



Фото: "Қызылсай" мемлекететтік өңірлік табиғи паркі