Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Еуразиялық үкіметаралық кеңесте 12 құжат қабылданды

Еуразиялық үкіметаралық кеңесте 12 құжат қабылданды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы аяқталды. Жиында еуразиялық интеграцияны дамыту, нақтырақ айтқанда өнеркәсіптік кооперация мен технологиялық жетістіктер мен кедендік реттеу жайы талқыланды. Нәтижесінде 12 құжатқа қол қойылды. Бұл құжаттарға сәйкес, өнеркәсіптегі кооперациялық жобаларды іріктеу және қаржыландыру тәртібіне өзгерістер енгізілді. Еуразиялық технологиялық платформаларды құру ережесі бекітіліп, макроэкономикалық жағдай және тұрақты даму бойынша ұсыныстар қаралды. 2026–2030 жылдарға арналған тұтынушылар құқығын қорғау бағдарламасы қабылданды. Бұл интеграциялық процестерді одан әрі дамытуға және мемлекеттердің   тұрақтылығын нығайтуға сеп болмақ. Кеңестің келесі отырысы тамызда  Қырғызстанда өтеді.




Фото: primminister.kz