Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«SuperStar KZ» қайта оралды

«SuperStar KZ» қайта оралды

Аты аңызға айналған «SuperStar KZ» жобасы қайта жаңғырады. Жоба әлемге танымал британдық Pop Idol форматы негізінде әзірленген.

Қазақстанда алғаш рет 2003 жылы эфирге шығып, қысқа уақыт ішінде көрермен ықыласына бөленді. «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы бұл жобаны жаңа форматта қайта ұсынбақ. Жаңартылған маусым – жаңа есімдер мен жаңа таланттарды ашуға бағытталған. Осыған орай еліміздің түкпір-түкпірінен талантты жастарды іздеуге арналған ауқымды кастинг жариялайды.

Музыкалық шоуға өнерге құштар, жасы 16-25 аралығындағы кез келген азамат қатыса алады. Офлайн кастинг 2026 жылғы 4-26 сәуір аралығында Қазақстанның 9 ірі қаласында өтеді. 4 сәуір – Шымкент,6 сәуір – Ақтау, 8 сәуір – Ақтөбе, 10 сәуір – Семей, 12 сәуір – Павлодар, 15 сәуір – Қостанай, 17-18 сәуір күндері Астана қаласы, 20 сәуір – Қызылорда және 25-26 сәуір Алматы қаласында байқаудың алғашқы кезеңіне қатыса аласыздар. Офлайн кастингке қатыса алмаған үміткерлер @superstarkz Telegram арнасы арқылы онлайн форматта өтініш бере алады.


Фото: orda.kz