Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Alatau City: Заң екінші оқылымда мақұлданды

Alatau City: Заң екінші оқылымда мақұлданды

Алатау қаласында бизнесті тек Бас прокуратура тексере алады. Бұл жемқорлыққа жол бермеу үшін жасалып отыр. Үкімет, Жоғары аудиторлық палата мониторинг нәтижесі жөнінде жыл сайын есеп тапсыруға міндетті болады. Бюджет қаржысының қайда жұмсалып жатқаны да порталға жүктелуі тиіс. Бұл туралы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтылды. Жиында «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Конституциялық заңы екінші оқылымда мақұлданды. Құжат озық технологияларды қолдана отырып, шаһарды жаңа деңгейге көтеруді көздейді. Ол үшін цифрландыру жағынан әлемде алдыңғы қатардағы Шэньчжэнь, туристер көп баратын Дубай, Сингапурдың тәжірибесі негізге алынған. Қаланы әкім емес, премьер-министр басқарады. Ал бюджетін, стратегиялық шешімдерді арнайы кеңес қарастырады.


Нұртай Сабильянов, Мәжіліс депутаты:

Кеңестің құрамын Президент бекітеді және кеңесті Премьер министр басқарады. Сол кеңес қаланың әкімшілігінің құжаттарын бекітеді және басқарушы органдардың басшыларын, Алатау қаласының әкімін қызметке тағайындайтын болады.


Фото: Алматы облысы әкімдігі (иллюстрация)