Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

22 сәуірде Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшыларының кеңесі өтеді

22 сәуірде Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшыларының кеңесі өтеді

22 сәуірде Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшыларының кеңесі өтеді.


Премьер-министрі Олжас Бектенов Халықаралық Аралды құтқару қорының басқарма мүшелерімен кездесу өткізді. Қазақстан биыл аталған қорға төрағалық етуін аяқтайды. Кездесуде су шаруашылығы саласындағы өңірлік ынтымақтастықты әрі қарай дамыту, Қор қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ биылғы 22 сәуірде Астанада өтетін ХАҚҚ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына дайындық мәселелері қаралды.

ХАҚҚ отыз жылдан астам уақыт бойы Орталық Азия мемлекеттерінің су, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзара әрекеттесуінің негізгі өңірлік алаңы болып отырғаны баса айтылды. Кездесу барысында су есебін жүргізу мен басқаруды цифрландырудың маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу барысында Қор жұмысының тиімділігін арттыру, оның институттары арасындағы үйлестіруді күшейту және қабылданатын шешімдердің нәтижелі жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында Халықаралық Аралды құтқару қорының ұйымдастырушылық құрылымын және шарттық-құқықтық базасын жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ алдағы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы қарсаңында негізгі мәселелер бойынша келісілген тәсілдерді әзірлеудің маңыздылығы атап өтілді.

Аралды құтқару халықаралық қоры 1993 жылы Орталық Азия мемлекеттерінің басшыларымен құрылған. Оған мүшелікке кіретін елдер:

  • Қазақстан;
  • Қырғызстан;
  • Тәжікстан;
  • Түрікменстан;
  • Өзбекстан.

2008 жылдан бастап ХАҚҚ БҰҰ Бас Ассамблеясында бақылаушы мәртебесіне ие болды.

Фото: sputnik.kz