Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Парижде Абай өлеңдері сегіз тілде оқылды

Парижде Абай өлеңдері сегіз тілде оқылды

Парижде Абай өлеңдері сегіз тілде оқылды

Абай мұрасы Парижде түрлі халық өкілдерін біріктірді. Ақын шығармалары түпнұсқада ғана емес, француз, орыс, шешен, бурят, қалмақ, ингуш және тува тілдерінде оқылды. 

 Франциядағы «QazElles» қазақстандық әйелдер қауымдастығы осы арқылы ұлы ойшылдың «Қара сөздерін» ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» халықаралық тізіміне енгізу жөніндегі бастаманы қолдады.  Қауымдастық «Абай оқуларын» жыл сайын Париждегі Ақындар саябағында орналасқан Абай ескерткіші жанында ұйымдастырады. Биылғы іс-шара тек қазақтар мен француздарды ғана емес, Франциядағы Кавказ халықтарының өкілдерін, бурят және қалмақ қауымдастықтарын да біріктірді.

Естелік ретінде диаспора өкілдері мен қонақтарға Абайдың француз тіліндегі кітаптары тарту етілді. Асыл мұра Ақындар саябағындағы кітап сөресіне де қойылды.  

Меруерт Абек, Франциядағы қазақстандық әйелдер қауымдастығының өкілі: - Абай атамыздың бюсті Париж қаласында 2021 жылы тұрғызылған болатын. Содан бері біз қазақ қауымы осы алаңда жиналып, жыл сайын Абай атамыздың өлендерін жырлап, әндерін салып, бірге уақыт өткіземіз. 

 Жозиан, жергілікті тұрғын: "- Мен бұл саябақтағы Абай ақынның ескерткіші жанынан күн сайын өтемін, бірақ оның шығармашылығын бұрын білмейтінмін. Бүгін жұбайым осында оның өлеңдері оқылатынын айтып, тыңдауға келгем. Іс-шарадан Қазақстан туралы көбірек білдім. Маған оның шығармаларының аудармасы бар кітап сыйлады. Біздің отбасымыз поэзияны жақсы көреді. Енді ақынның өлеңдері арқылы қазақ елі мен оның мәдениетін терең танып, білетініме сенімдімін".

Фото:cdn-kz