Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгертілді
Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Айтуынша, ведомство өткен жылдардағы тәжірибені зерделей келе осындай шешім қабылдаған. Өзгеріс құжат қабылдауды тиімді әрі сапалы ұйымдастыру және оқу процесіне кедергі келтірмеу мақсатында жасалып отыр.
«Биыл құжат қабылдау 27 мамыр, сәрсенбіден басталып, 31 тамызға дейін жүргізіледі. Қазіргі таңда база бірнеше мәрте тесттен өтіп жатыр, ата-аналар үшін барынша қолайлы жағдай жасалды, оны қосымша таныстыратын боламыз», - деді министр.
Фото: paparaci.kz