Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді
Жер асты дүмпуі 31 наурыз сағат 11:11-де тіркелген. ТЖМ мәліметінше, эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа 273 км жерде орналасқан. Ал магнитудасы - 5,4 балл, тереңдігі - 10 км
Есептік қарқындылығы:
Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы — 2 балл;
Жетісу облысы, Текелі қаласы — 2 балл;
Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы — 2 балл.
Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәліметтер түскен жоқ.
Фото: istockphoto.com