Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алматыға қолтырауын-кесіртке әкелінді.

Алматыға қолтырауын-кесіртке әкелінді.

Алматыға қолтырауын-кесіртке әкелінді

Алматы хайуанаттар бағы тағы бір сирек кездесетін жануармен толықты. Енді келушілер әлемдегі ең ірі ағашқа өрмелейтін Сальвадор кеcірткелерін тамашалай алады. Бұл бауырымен жорғалаушының табиғи мекені – Жаңа Гвинея аралы. Табиғатта ол осы өңірде ғана кездесетін көрінеді.

Ғылыми атауы Varanus salvadorii деп аталатын кесіртке кей елдерде артеллия, кабарагойя немесе «қолтырауын кесірткесі» деген атаумен белгілі. Ұзын әрі қуатты құйрығы, денесін қаптаған ірі қабыршақты терісі және бас пішіні қолтырауынға ұқсас болған­дықтан, көпшілік арасында дәл осылай аталып кеткен.

«Бауырымен жорғалаушылар зооба­ғымызда өздерін жақсы сезінеді. Олар табиғи мекен ету ортасына барынша ұқсатып жабдықталған террариумды зерттеп жүр. Мұнда жоғары температура мен ылғалдылық сақталады. Кесірткелер бұл жерде өсіп-өніп, ұзақ әрі белсенді өмір сүреді деп сенеміз», дейді «Экзотариум» бөлімінің жетекшісі, герпетолог Aлександр Гурнев.

Мамандардың айтуынша, Сальвадор кесірткесі – ағашқа жақсы өрмелейтін, өте ширақ әрі зерек жыртқыштардың бірі. Табиғатта олар ұсақ жануарлармен, құстармен, жұмыртқамен қоректенеді. Бұл жануарлардың тағы бір қызық қасиеті – айыр тілінің көмегімен айналасындағы иістерді «сезіп», жемін дәл таба білуі.

Алматы зообағына келушілер бұл бауы­рымен жорғалаушыларды «Экзотариум» бөлімінен көре алады. Мұнда экзотикалық жануарлар үшін барынша жағдай жасалған. Жаңа тұрғындардың келуі зообақтағы бауырымен жорғалаушылар коллекциясын толықтырып қана қоймай, келушілерге сирек кездесетін жануарлар әлемін жақыннан тануға мүмкіндік бермек.

Фото: Алматы зообағының баспасөзі