Италия құрамасы кезекті рет Әлем чемпионатына шыға алмады
Төрт дүркін әлем чемпиондары өтпелі кезеңнің финалында пенальти сериясында Босния және Герцеговина құрамасына есе жіберді (4-1).
Осылайша, Италия құрамасы қатарынан үшінші рет Әлем чемпионатынан тыс қалды.
Бұған дейін италиялықтар 2018 және 2022 жылдардағы мундиальдарға да іріктеуден өте алмаған еді.
Италия құрамасы тарихында төрт рет әлем чемпионы атанған (бұл екінші үздік нәтиже), сондай-ақ екі мәрте күміс және бір рет қола жүлдегер болған.
Фото: vietnam.vn