Атырауда мектеп түлегі ҰБТ-дан 140 балл жинады
Атырауда мектеп түлегі ҰБТ-дан 140 балл жинады
Атыраулық мектеп түлегі Жазира Кеңесова наурыз айындағы ҰБТ-да барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, ең жоғары 140 балл жинады. Дарынды оқушы болашақта филология саласын таңдауды жоспарлап отыр.
Атырау қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық мамандандырылған гимназияның 11-сынып оқушысы Жазира Кеңесова наурыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуде (ҰБТ) барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, ең жоғары 140 балл жинады.
Жазира тестілеуге тек мектеп бағдарламасымен ғана емес, қосымша дайындық курстары арқылы да дайындалған.
Ол гимназияның белсенді оқушыларының бірі әрі "Парасат" дебат клубының президенті.Оқу орнының мәліметінше, қаңтар айындағы ҰБТ-да ол 138 балл жинаса, наурыздағы тестілеуде нәтижесін 140 баллға жеткізген. Қазақ тілі мен әдебиетіне қызығушылығының арқасында осы пәндер комбинациясын таңдап, болашақта филолог болуды жоспарлап отыр. Бұған дейін Семей қаласының оқушысы Ерасыл Сайлауов та наурыз айындағы ҰБТ-да 140 балл жинағаны хабарланған еді.
Фото: Атырау білім басқармасы