Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстан мен Қытай арасында Циндаода $125 млн келісімге қол қойылды.

Қазақстан мен Қытай арасында Циндаода $125 млн келісімге қол қойылды.

Қазақстан мен Қытай арасында Циндаода $125 млн келісімге қол қойылды.

Циндаода өткен сауда-экономикалық миссияның қорытындысы бойынша қазақстандық компаниялар қытайлық серіктестермен жалпы сомасы $125 млн болатын келісімдерге келді. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабаралады.


Шаньдун – Қытайдағы ірі экономикалық өңірлердің бірі. Мұнда қуатты өндіріс базасы мен үлкен тұтыну нарығы бар. QazTrade мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Шаньдун арасындағы тауар айналымы $2,2 млрд-қа жетіп, 40 пайыздан астам өсті.

Миссияға 25-тен астам отандық компания қатысты. Сапардың негізгі бөлігі қытайлық импорттаушылар мен дистрибьюторлармен тікелей B2B кездесулерге бағытталды.

Қазақстан Қытай тарапына агроөнеркәсіп пен терең өңделген өнімдер ұсынды. Ұн, май өнімдері, бал, сүт және кондитерлік тауарлар қытайлық бизнес тарапынан жоғары қызығушылық тудырды.

Сапар аясында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Шаньдун провинциясының басшылығы және бизнес өкілдерімен келіссөз өткізді. Негізгі назарда жеткізілім көлемін арттыру және келіссөздерді нақты нәтижеге айналдыру.Сондай-ақ индустриялық кооперация мәселесі де талқыланды.

Сапар аясында министр әлемдік ірі тұрмыстық техника өндірушілерінің бірі Haier компаниясының өндірістік алаңына барды.

Фото: Сауда және интеграция министрлігі