Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

"Қазцинк" Қазақстандағы олимпиадалық қозғалысты дамытуға 1,4 миллиард теңге жұмсамақ.

"Қазцинк" Қазақстандағы олимпиадалық қозғалысты дамытуға 1,4 миллиард теңге жұмсамақ.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен “Қазцинк” ЖШС ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісім бойынша компания негізгі спорттық бастамаларды жүзеге асыру үшін 1,4 миллиард теңгеге дейін қаржы бөледі.

Бұл қаражаттың басым бөлігі олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға, сондай-ақ бірқатар ұлттық федерацияларды қолдауға жұмсалады. Айта кетейік, “Қазцинк” жоғары жетістіктер спортын қолдауға екінші жыл қатарынан инвестиция жасап келеді.

“Компания елдің әлеуметтік, мәдени және спорттық өміріне белсенді қатысады. Жоғары деңгейдегі спортты қолдау – әлеуметтік жауапкершіліктің маңызды бағыттарының бірі. Меморандумды жүзеге асыру спортшыларды даярлауға қосымша мүмкіндіктер ашып, олардың шеберлігін жетілдіруге және халықаралық беделді жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етеді”, – деді компанияның бас директоры Жанат Жанботин.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті бизнес өкілдерінің спортты дамытуға және ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыруға қатысуының маңызды екенін атап өтті.

“Бизнес тарапынан көрсетілетін қолдау олимпиадалық қозғалысты дамытуда маңызды рөл атқарады. Әсіресе, отандық компаниялардың ел спортына көңіл бөліп, қолдау көрсетуі аса маңызды. “Казцинк” компаниясына осы бағыттағы жобаларды іске асыруға атсалысуға дайын екендігі үшін алғысымызды білдіреміз. Бұл келісім жоғары нәтижелерге жету жолындағы маңызды қадам болады деп сенемін”, – деді Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин.

Фото: ҰОК