Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстан жұмыртқа импортын 6 айға шектеуді жоспарлап отыр

Қазақстан жұмыртқа импортын 6 айға шектеуді жоспарлап отыр

Қазақстанда тауық жұмыртқасын шетелден әкелуге алты айға тыйым салу ұсынылды. Ауыл шаруашылығы министрлігі тиісті бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Шектеу барлық көлік түріне қатысты болады, бірақ транзитке әсер етпейді.

Министрлік мәліметінше, отандық құс фабрикалары ішкі сұраныстың 98%-ын қамтамасыз етіп отыр. Сондықтан импортты уақытша шектеу ішкі нарықты қорғауға бағытталған.

2025 жылы Қазақстанда 4,568 млрд дана жұмыртқа өндірілген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,4%-ға көп. Бұған дейін де елде жұмыртқа импортына қысқа мерзімді шектеу енгізілген еді.


Фото: inbusiness.kz