Ақтауда бухгалтер жүкті әйелдерді пайдаланып мемлекеттен 146 миллион теңге жымқырған
Ақтауда бухгалтер жүкті әйелдерді пайдаланып мемлекеттен 146 миллион теңге жымқырған
Ақтауда бухгалтер жүкті әйелдерді пайдаланып мемлекеттен 146 миллион теңге жымқырған. Ол желіде әйелдерге жәрдемақы көлемін арттырамын деп уәде етіп, аттарына кәсіпкерлік тіркеу арқылы мемлекеттен қаражат алып отырған.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, бухгалтер өзінің кәсіби білімін пайдаланған. Ол жүкті әйелдерді қолдауға арналған мемлекеттік әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу схемасын ұйымдастырған.
“Қатысушыларды тарту үшін Instagram әлеуметтік желісі арқылы өзін әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу жөніндегі маман ретінде таныстырған. Кейін жәрдемақы көлемін арттыруға көмектесетінін уәде еткен. Схеманы жүзеге асыру үшін туыстары мен таныстарының атына нақты қызмет жүргізбеген бірнеше жеке кәсіпкер тіркелген.
Жеке кәсіпкерлер мен тартылған тұлғалардың электронды цифрлық қолтаңбаларын пайдаланып, бухгалтер жалған жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарды дайындаған. Сонымен қатар есеп айырысу тізімдемелері, еңбек шарттары және өзге де бухгалтерлік құжаттарды жасаған. Осы арқылы заңды еңбек қатынастары бар деген жалған көрініс қалыптастырылған”, – делінген ведомство хабарламасында.
Фото: нейрондық желіні пайдаланып жасалған