Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бостандыққа шықты
Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бостандыққа шықты.
Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың түрмеден шыққан-шықпағаны белгілі болды.
Толығырақ мәліметті Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) хабарлады.
"Сауалда көрсетілген сотталушы сот тағайындаған жаза мерзімін толық өтеуіне байланысты босатылды", – делінген ведомствоның редакция сауалына берген ресми жауабында.
Мәжіліс депутатының ұлы қалай колонияға түскен?
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда әскери қызметкер белгілі адвокатты соққыға жыққаны хабарланған. Бұл оқиға 11 ақпанға қараған түні Алматының сауда орталықтарының бірінің маңындағы паркингте болған. Іс қоғамдық дау тудырды.
Бұл оқиға туралы адвокат Олег Черновтың әйелі Анна Дмитриевич Facebook-парақшасында жазған. Олар таксиге отыра бергенде бір жігіт жүгіріп келіп, соққыға жығылған қызға көмектесуін сұраған.
Ал кейін адвокатты соққыға жыққан әскери қызметкер грек-рим күресінен қазақстандық және бұрынғы Кеңес Одағының палуаны Дәулет Тұрлыхановтың ұлы болып шықты. Бұл ақпаратты Тұрлыхановтың өзі растаған болатын. Ол ұлына қатысты дауға көзқарасын білдіріп, кешірім сұрады.
9 қазанда сот Нұрасыл Болатты өзіне тағылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 1 700 000 теңге көлемінде айыппұл салды. 2024 жылғы 14 мамырда Жоғарғы Сот істі кассациялық тәртіпте қарап, үкімді өзгертті. Тұрлыхановтың ұлына екі жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, өтемақы мөлшері ұлғайтылды.
Фото: kursiv.media