Астанада ақын Әбжан Әбілтайдың «Сөз киесі» атты жаңа кітабы таныстырылды
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Әбжан Әбілтайдың "Сөз киесі" атты жаңа кітабының салтанатты тұсаукесері өтті.
Қаламгердің 75 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шараға есімдері елге танымал қаламгерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
"Кәусар" баспасынан жарық көрген жаңа еңбек автордың көпжылдық шығармашылық ізденістері мен азаматтық ұстанымын айшықтайды. Төрт бөлімнен тұратын кітапқа автордың қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді қозғаған публицистикалық мақалалары, ой-толғамдары мен арнаулары енген. Сондай-ақ, жинақта замандастарының ақын шығармашылығы мен азаматтық келбеті туралы естеліктері топтастырылған.
Әбжан Әбілтай-қазақ әдебиеті мен көркем аударма саласына зор үлес қосқан тұлға. Ол әлемдік классиктер Э.Золя, Н.Гоголь және С.Есенин, Е.Евтушенко сынды ақындардың туындыларын қазақ тіліне шебер тәржімалаған.
Фото: ҰАК