Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қарағанды облысында із-түзсіз жоғалған 13 жастағы бала даладан табылды

Қарағанды облысында із-түзсіз жоғалған 13 жастағы бала даладан табылды

Қарағанды облысында із-түзсіз жоғалған 13 жастағы бала даладан табылды.

Қарағанды облысында жоғалған 13 жастағы бала аман-есен табылды

Бұл туралы ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады. Полиция мәліметінше, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Қарағанды облысы ТЖД өкілдерінің хабарлауынша, бүгін сағат 12:05-те мобильді топ (еріктілер) жоғалған баланы Абай қаласынан 15 км қашықтықтағы далалы жерден тапқан. Оған медициналық көмек қажет болмаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім достарымен бірге Абай қаласынан Қарабас кенті бағытына жаяу шыққан. Қарабас кентіндегі теміржол өткелі маңында балалар екіге бөлініп, екі жасөспірім үйлеріне өздері қайтқан. Туыстарының айтуынша, бала соңғы рет шамамен сағат 20:00-де анасына хабарласып, бағдарынан адасып қалғанын айтқан.

Айта кету керек, баланың жоғалғаны туралы хабарлама оның соңғы байланысқа шыққан уақытынан бірнеше сағат өткен соң түскен, бұл іздестіру жұмыстарын қиындатқан.

Ауқымды іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ТЖМ-нің 52859 әскери бөлімі, полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ туыстары, волонтерлер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылған. Сонымен қатар, әуеден шолу жүргізу үшін ТЖМ-нің "Қазавиақұтқару" тікұшағы жұмылдырылды.

Фото: pixabay.com