Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Астанада Токио мен Сеул үлгісімен екі деңгейлі жолдар жобасы дайындалып жатыр

Астанада Токио мен Сеул үлгісімен екі деңгейлі жолдар жобасы дайындалып жатыр
Астанада Токио мен Сеул үлгісімен екі деңгейлі жолдар жобасы дайындалып жатыр
Астанада Токио мен Сеул сияқты мегаполистер үлгісімен екі деңгейлі жолдар жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Алайда құрылыстың басталуына әлі уақыт бар - қазір жобалау алдындағы дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Толығырақ мәліметті қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарлады.
Жоба идеясы: әкімдік не дейді?
Былтыр желтоқсанда елорда әкімі Жеңіс Қасымбектің мәлімдеуінше, Астанада әлемдегі ірі мегаполистердің үлгісімен екі деңгейлі жолдардың құрылысын бастау жоспарда бар екені айтылды. Оның сөзінше, қаладағы көлік кептелісін азайтудың басты шешімдерінің бірі - көп деңгейлі транзиттік магистральдар салу болмақ.
Қала басшысының айтуынша, мұндай жолдар "Сеул, Мәскеу, Токио, Бейжің, Бангкок және Париж сияқты мегаполистерде сәтті іске асырылған". Қала билігінің есептеуінше, екі деңгейлі жолдарды енгізу елордадағы көлік кептелісін 30–40 пайызға азайтуға мүмкіндік береді.
Деректер жиналыып жатыр
Астананың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қазіргі уақытта жобалауды бастау үшін қажетті бастапқы деректерді жинау жұмыстары жүріп жатқанын нақтылады.
"Қазіргі уақытта техникалық шарттарды нақтылауды, қолданыстағы инфрақұрылымды талдауды, сондай-ақ бастапқы рұқсат беру құжаттамасын жинау мен өңдеуді қамтитын кешенді дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген ведомствоның редакциямыздың ресми сауалына берген жауабында.

Жаңа жолдар және таяу жылдарға арналған жоспарлар
Алдағы 1–2 жылда елордада үш жаңа жол салу жоспарланған:
Конгресс-орталыққа баратын жол;ММХҚИ (МГИМО) филиалына баратын жол;
Асан Қайғы көшесі.
Бұл ретте қолданыстағы магистральдарды қайта құру немесе кеңейту жұмыстары қазіргі жоспарда қарастырылмаған.


Фото: нейрондық желіні пайдаланып жасалған