Трамптың Макрон туралы әзілі БАҚ-ға тарап кетті
АҚШ президенті Дональд Трамп Франция президенті Эммануэль Макрон туралы қатты әзіл айтып, француз көшбасшысының жұбайы оған жаман қарайды деп мәлімдеді.
Ұлыбританиялық басылымның мәліметінше, Ақ үйдің YouTube-арнасында Дональд Трамптың жеке түскі асының видеосы қысқа уақытқа жарияланған. Біраз уақыттан кейін жазба өшірілгенімен, журналистер оның көшірмесін жасап үлгерген.
Бейнежазба көпшілікке арналмаған болуы мүмкін.
Кадрларда Трамп тағы да НАТО ұйымын Ирандағы соғысты қолдамағаны үшін сынға алған. Сонымен қатар ол Франция президенті Эммануэль Макронды жұбайы Брижит Макрон итеріп жібергенін еске алып, 2025 жылғы оқиға үшін мазақ еткен.
АҚШ президенті түскі ас кезінде әріптестеріне Франция президентімен жақында болған телефон әңгімесі туралы айтып берген. Ол Макронның ағылшын тілінде сөйлегендегі акцентін келеке етіп, оның отбасылық өміріне де тиісіп өткен.
“Мен Францияға, әйелі оған өте жаман қарайтын Макронға қоңырау шаламын. Ол әлі күнге дейін жақ сүйегінің жарақатынан айығып жатыр”, – деген Трамп.
Француз саясаткерлері Трамптың бұл сөздерін қатаң сынға алып, мұндай мәлімдемелерді орынсыз деп атады.
Франция парламентінің төменгі палатасының төрайымы Яэль Браун-Пиве қазір бүкіл әлемнің болашағы талқыланып жатқанын атап өтті.“
Иранда болып жатқан оқиғалар миллиондаған адамның өміріне әсер етеді, адамдар майданда қаза тауып жатыр, ал бізде басқа елдерді мазақ ететін президент бар”, – деді ол.
Франция президентін “Непокорённая Франция” партиясындағы қарсыластары да қолдап, Трамптың сөздерін айыптады.
Фото:YOAN VALAT/POOL/AFP via Getty Images