Тоқаев десанттық-шабуылдау және "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшыларын тағайындады
Тоқаев десанттық-шабуылдау және "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшыларын тағайындады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Десанттық-шабуылдау әскерлері мен Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жаңа қолбасшыларын тағайындады.
Мемлекет басшысының өкімдерімен Махсут Курманалиевич Гусейнов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Сондай-ақ Бағлан Әбдіжәлелұлы Өсербаев "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.
Фото: gov.kz