Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

"Қазгидромет" синоптиктері 4, 5 және 6 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Қазақстанда нөсер жаңбыр жауады

Болжамға сәйкес, барикалық жүйелердің - циклон мен антициклондардың - алмасуына байланысты Қазақстандағы жайлы ауа райы жаңбырлы күнге ауысады.

"Жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды деп болжанды. 4 сәуірде елдің солтүстік-батысында, 5-6 сәуірде батысында, ал 5 сәуірде республиканың оңтүстігінде кей уақытта нөсер жаңбыр күтіледі", - деп хабарлады метеорологтар.

Қазақстан аумағында жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі, күндіз кей өңірлерде бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін.

Температура көрсеткіштері қандай болмақ

Қазақстан аумағында күндізгі температуралық фонның шамалы өзгеруі күтіледі:

елдің батысында +15...+25 градустан +10...+20 градус жылыға дейін төмендейді;

солтүстікте +11...+20 градустан +15...+20 градус жылыға дейін көтеріледі;

шығыста +15...+23 градустан +20...+28 градус жылы аралығында құбылады.

Қазақстанның қалған аумағында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Фото:depositphotos.com