Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан жартылай финалға жолдама алды.

70 келі салмақта өнер көрсетіп жатқан отандасымыз ширек финалда тәжікстандық Шамшиер Саидовпен қолғап түйістірді. Тартысқа толы өткен жекпе-жекте төрешілердің шешімімен (4:1) жеңіс Төрехан Сабырханға берілді.

Осылайша, қазақстандық боксшы жартылай финалға шығып, кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті.

Жартылай финалда ол моңғолиялық Бямба-Эрдэнэ Отгонбаатар мен қытайлық Пен Чен Ван арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен жұдырықтасады.

Сонымен қатар, ол жастар мен жасөспірімдер арасында Азияның бірнеше дүркін чемпионы және жастар арасындағы әлем чемпионы.

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан 2025 жылы Ливерпуль қаласында World Boxing ұйымдастырған тұңғыш әлем чемпионатында 70 келіде небәрі 19 жасында чемпион атанған.


Фото:ҚБФ