Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда сирек минералдардың 800 мың тоннаға жуық қоры бар ірі кен орны ашылды

Қазақстанда сирек минералдардың 800 мың тоннаға жуық қоры бар ірі кен орны ашылды

Қазақстанда сирек минералдардың 800 мың тоннаға жуық қоры бар ірі кен орны ашылды.

Премьер-министр Олжас Бектенов Астанада өтіп жатқан Geoscience & Exploration Central Asia: «Геология, ресурстар және Еуразияның болашағы» форумында еліміздің геология саласының алдында тұрған басым бағыттардың бірі - сирек кездесетін металдар өндірісін дамыту екенін айтты.

Үкімет басшысы атап өткендей, Астанада заманауи геологиялық кластер құрылды. Оның аясында талдау зертханасы, минералдар мен геологиялық ақпарат қорының қоймалары іске қосылды. Кластер кадрлық және техникалық ресурстарды біріктіріп, зерттеу жұмыстарын жандандыратын геологиялық құзыреттілік орталығына айналады.

Өздеріңізге мәлім, ҚР Президенті 2026 жылды цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Бұл бастаманың геология саласы үшін де маңызы өте зор. Үлкен деректерді талдау мен геофизикалық модельдеуге негізделген озық технологиялар геологиялық барлау жұмыстарына жаңа серпін беретіні сөзсіз. Нәтижесінде жұмыстың тиімділігі артып, шешім қабылдау үшін қажетті уақыт пен ресурстар үнемделеді, - деп айтты Бектенов форумда.

Цифрлық трансформация шеңберінде жұмыс істей алатын жаңа буын мамандарын, яғни кәсіби геологтар, инженерлер және талдаушыларды даярлау ісі де айрықша назарды қажет етеді.

Сондай-ақ саланың алдында тұрған басым бағыттардың бірі - сирек кездесетін металдар өндірісін дамыту. Еліміз жаһандық өндіріс тізбегінде маңызды рөл атқаратын аса қажетті минералдардың қомақты қорына ие. Атап айтсақ, былтыр церий, йод, иттрий және басқа да сирек минералдардың 800 мың тоннаға жуық қоры бар ірі кен орны ашылды. Біздің геологиялық ресурстарымыз техногендік минералдық түзілімдердің есебінен де кеңейіп келеді. Оларды игеру өндіріс үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, - деп толықтырды Бектенов сөзін.


Фото:Архив BAQ.kz