Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алтын алқа ұрлығы ЖИ көмегімен ашылды

Алтын алқа ұрлығы ЖИ көмегімен ашылды

Оралда полиция қызметкерлері жасанды интеллект көмегімен алтын әшекей ұрлығын әшкереледі. 33 жастағы әйел сауда үйіндегі зергерлік дүкенге барып, құны 600 мың теңге тұратын алтын алқаны ұрлап кеткен.

Күдіктінің жеке басын анықтау барысында криминалистер жасанды интеллект негізіндегі аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданған.

Құрылғы бет-әлпетті тануға және тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Ұрланған мүлік тәркіленді. Әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.


Фото: видео скриншот