Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

7 пайызбен берілетін ипотека: қазақстандықтар қандай шарттармен баспана сатып ала алады

7 пайызбен берілетін ипотека: қазақстандықтар қандай шарттармен баспана сатып ала алады

7 пайызбен берілетін ипотека: қазақстандықтар қандай шарттармен баспана сатып ала алады.

Қазақстандықтар "7-20-25" бағдарламасы арқылы тұрғын үйді ипотекаға 7 пайыздық мөлшерлемемен рәсімдей алады. 2026 жылдың алғашқы үш айында Қазақстанда осы бағдарламамен 1244 адам жалпы сомасы 25 млрд теңгеге ипотекаға пәтер алған.

Қазақстандықтар әлі де "7-20-25" бағдарламасы арқылы ипотека рәсімдей алады. Алдағы үш айға, яғни, сәуір, мамыр, маусымға 25 млрд теңге лимит берілді.

Ал биыл жыл басынан бері 1 244 ипотекалық қарыз берілген. Бұл туралы Қазақстанның орнықтылық қоры мәлім етті.

Бағдарлама басталғалы бері (2018 жылғы шілдеден бастап) 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 1 199,1 млрд теңгеге 84 399 несие берілді.

Оның ішінде Астанада 503,1 млрд теңгеге 31 053 несие, Алматыда – 291,5 млрд теңгеге 18 074 несие, Шымкентте – 90,1 млрд теңгеге 6 648 несие, Қарағанды облысында – 72 млрд теңгеге 5 484 несие, Ақтөбе облысында – 31,6 млрд теңгеге 3 236 несие, Ақмола облысында – 31,3 млрд теңгеге 3 086 несие берілді.

2025 жылғы 26 қыркүйектен бастап сатып алынатын тұрғын үйдің шекті бағасы ұлғайтылды. Астана, Алматы қалалары және олардың қала маңы аймақтарында, сондай-ақ Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларында сатып алынатын баспананың ең жоғары құны 25 млн теңгеден 30 млн теңгеге дейін, Қарағанды қаласында 20 млн теңгеден 25 млн теңгеге дейін, басқа өңірлерде 15 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейін көтерілді.

Еске сала кетейік, 2023 жылдан бастап бұл бағдарламада 100 млрд теңге көлемінде кредиттеу лимиті бекітілді. Бағдарламаның операторы, "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ банктердің бағдарлама шарттарымен берген кредиттерін сол бюджет шегінде өтейді. Осылайша банктер бағдарлама бойынша алдын ала қаржыландырылмайды. Бағдарлама бастапқы, пайдалануға берілген тұрғын үйлерге ипотекалық несие береді. Азаматтар бағдарламаға бір рет қана қатыса алады. Әрбір отбасы мүшесіне пайдалы ауданы 15 шаршы метрден кем жатақханалардағы бөлмелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен апат жағдайында деп танылған тұрғын үйлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 18 ай ішінде қарыз алушының (және жұбайының/зайыбының) меншік құқығында тұрғын үйі болмауы керек.

Фото: NUR.KZ