Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

58 мың Hyundai Palisade кері қайтарылды

58 мың Hyundai Palisade кері қайтарылды

58 мың Hyundai Palisade кері қайтарылды

Оңтүстік Кореяда 58 мың Hyundai Palisade автомобилі зауытқа кері шақырылды.

Айта кетсек, бұған дейін Hyundai Құрама Штаттар мен Канада аумағында жол таңдамайтын Palisade автомобильдерінің 68500 данасын өндіріс ошағына қайтарды. Мұндай шешім қабылдауға наурыздың 7-де АҚШ-тың Огайо штатында қайғылы жағдай себеп болды. 2-жастағы қыз дәл осындай көліктің үшінші қатарындағы автоматтық орындықта қысылып қалған.

Майкл Мерфи, Акрон қаласының полиция қызметкері:
Оның әкесі дүкенге кіріп кеткенде, орындықты босатуы тиіс түймешік төмен түсіп, бір сәтте бала қысылып қалған. Құтқару операциясына бірнеше минут кетті. Алайда қыз аурухана жеткізілгеннен кейін қайтыс болды. Оқиға жайында көбірек ақпарат жинап, зерттеу жүргізіп, келешекте бұндай жағдайларға жол бермеуіміз керек.
Компания дерегінше, қазан-желтоқсан айларында Оңтүстік Кореяның өзінде Palisade-тың автоматтық орындығындағы ақаудан екі жолаушы, ал наурыздың ортасында АҚШ-та төрт адам зардап шеккен.
Оңтүстік Корея көлік министрлігінің мәліметінше, Hyundai Palisade маркасының орындықтарындағы бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесінде кемшілік болуы мүмкін. Сондықтан компания мәселені шешу үшін аталған бағдарламаны жаңартпақшы.


Фото: видеодан скриншот