Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алматылықтар тегін құқықтық көмек ала алады

Алматылықтар тегін құқықтық көмек ала алады

Алматылықтар тегін құқықтық көмек ала алады.

Алматыда құқықтық тегін көмек ұсынатын жоба іске қосылады.

«Заң мен әділдік — елдің іргетасы» жобасының жетекшісі Айгерім Қадырқұловның айтуынша, алматылықтар заңгерлер көмегіне тегін жүгіне алады. Жобаның негізгі мақсаты — құқықтық сауаттылықты арттырып, заң мен тәртіп мәдениетін қалыптастыру.

— Құқық бұзушылықтың едәуір бөлігі әдейі емес, заңды білмеген болады. Адамдар өз құқығын түсіне бермейді, заң жағына да көбі олақтау. Жоба заң көмегін барынша қолжетімді етуге бағытталған. Қалада заңгерлердіғ жедел топтар жұмыс істейді, барлық ауданда көшпелі кеңес өткіземіз. Сондай-ақ қоғамдық орындар мен аулаларда тұрғындармен кездесу ұйымдастрамыз. Бізде жедел желі мен чат-бот та ашылған, онда өтініш, шағым мен басқа да құжаттың үлгісін алуға болады, — деді Айгерім Қадырқұлова.

Жобаға мемлекеттік органдар, Қоғамдық кеңес мүшелері мен заңгерлік қауымдастық өкілдері қатысады. Жоба жетекшісі құқықтық көмекті 8 747 104 76 69 телефоны арқылы алуға болатынын атап өтті.

Фото: Uztag.info