Зейнетақы шегі тағы өседі: Қазақстандықтарға енді жинақты пайдалану қиындай түспек
Зейнетақы шегі тағы өседі: Қазақстандықтарға енді жинақты пайдалану қиындай түспек
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегін қайта қарау туралы қаулы жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Өзгерістер азаматтардың зейнетақы қаражатының бір бөлігін пайдалану шарттарына әсер етуі мүмкін.
Жоба қолданыстағы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен жинақтардың жеткіліктілігін анықтау әдістемесіне өзгерістер енгізуді көздейді. Ұсыныс бойынша, есептеу кезінде кейінге қалдырылған өмір бойғы зейнетақы аннуитетінің құны ескерілмек. Болашақтағы төлемдер үшін қажетті жинақ көлемін нақтырақ анықтауға мүмкіндік береді.
Мамандардың айтуынша, өзгерістер зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын күшейтіп, азаматтардың табысын жеткілікті деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған. Құжат әлеуметтік – экономикалық жағынан теріс әсер етпейді деп болжанып отыр.
Жеткіліктілік шегі – зейнетақы шотында қалуы тиіс ең төменгі сома. Егер жинақ осы мөлшерден асса, азаматтар артық бөлігін баспана алуға немесе емделуге пайдалана алады.
Қазіргі зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шектері (барлық жас) осындай:
- 20 жас – 3 720 000 теңге
- 21 жас – 3 850 000 теңге
- 22 жас – 3 990 000 теңге
- 23 жас – 4 120 000 теңге
- 24 жас – 4 260 000 теңге
- 25 жас – 4 390 000 теңге
- 26 жас – 4 530 000 теңге
- 27 жас – 4 680 000 теңге
- 28 жас – 4 820 000 теңге
- 29 жас – 4 970 000 теңге
- 30 жас – 5 120 000 теңге
- 31 жас – 5 270 000 теңге
- 32 жас – 5 420 000 теңге
- 33 жас – 5 570 000 теңге
- 34 жас – 5 730 000 теңге
- 35 жас – 5 890 000 теңге
- 36 жас – 6 050 000 теңге
- 37 жас – 6 220 000 теңге
- 38 жас – 6 380 000 теңге
- 39 жас – 6 550 000 теңге
- 40 жас – 6 720 000 теңге
- 41 жас – 6 890 000 теңге
- 42 жас – 7 070 000 теңге
- 43 жас – 7 250 000 теңге
- 44 жас – 7 430 000 теңге
- 45 жас – 7 610 000 теңге
- 46 жас – 7 800 000 теңге
- 47 жас – 7 990 000 теңге
- 48 жас – 8 180 000 теңге
- 49 жас – 8 370 000 теңге
- 50 жас – 8 570 000 теңге
- 51 жас – 8 770 000 теңге
- 52 жас – 8 970 000 теңге
- 53 жас – 9 180 000 теңге
- 54 жас – 9 390 000 теңге
- 55 жас – 9 600 000 теңге
- 56 жас – 9 810 000 теңге
- 57 жас – 10 030 000 теңге
- 58 жас – 10 250 000 теңге
- 59 жас – 10 480 000 теңге
- 60-62 жас – 10 700 000 теңге.
Фото: БЖЗҚ