Алматыда белгілі әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның ұлы өлі табылды
Алматыда белгілі әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның ұлы өлі табылды
Алматыда танымал қазақстандық әнші, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы Баир Сиқымбаевтың денесі табылды. Бұған дейін ер адам хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде болатын: ол 24 наурызда үйінен шығып кетіп, содан қайта оралмаған
Баир Сиқымбаевтың денесі табылғаны туралы журналист Жазира Бегалы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
"Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның ұлы табылды. Марқұм неден қайтыс болғаны белгісіз. Естеріңізде болса, туыстары Баирдың 24 наурызда үйден шығып, хабар-ошарсыз кеткенін хабарлаған еді. Ол - Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы. Жаны жәннатта болсын", - деп жазды ол.
"Зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер адамның денесі кеше Алматының Бостандық ауданында табылды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады ведомство.
Редакция марқұмның жақындары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.
Еске сала кетейік, Баир Сиқымбаев Алматыда бір аптадан аса уақыт бойы іздестірілді. Lider.kz еріктілер қозғалысының мәліметінше, ол 2026 жылдың 24 наурызында сағат 13:20 шамасында Коперник көшесі, 114 мекенжайындағы үйінен шығып кетіп, содан қайтып оралмаған.
Фото: instagram.com