Медеу маңындағы құны 17 миллиард теңгеден асатын жер мемлекетке қайтарылды
Медеу маңындағы құны 17 миллиард теңгеден асатын жер мемлекетке қайтарылды
Алматы прокуратурасы "Медеу" өңірлік табиғи паркімен шекаралас 288 гектар жерді мемлекетке қайтарып берді.
Қадағалау қызметі жалпы ауданы 288 гектарлық 2 жер телімі жеке меншікке заңсыз берілгенін анықтады. Ал бұл жер телімдері ауыл шаруашылығы мақсатындағы су қоры бар жерлерге жатады және сатып алынбайды.“
Жетісу ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша сот жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тапты.
Алматы қалалық сотының сот алқасы бірінші сатыдағы шешімді күшінде қалдырды. Қабылданған шаралар нәтижесінде құны 17 миллиард теңгеден астатын жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды”, – деп мәлімдеді прокуратура.
Фото:Stan.kz