Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Перизат Қайрат колонияда жұмысқа орналасты

Перизат Қайрат колонияда жұмысқа орналасты

Перизат Қайрат колонияда жұмысқа орналасты

Жазасын өтеп жатқан Перизат Қайрат колонияда жұмысқа орналасты. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады.

Ведомство мәліметінше, Қайрат мекеме ішіндегі еңбекке тартылған.
"Сотталған азамат мекемеде жұмысқа орналастырылды және қызметтік үй-жайларды жинаумен айналысады", - деп хабарлады ведомство.
Перизат Қайрат — қазақстандық қоғам қайраткері және кәсіпкер. Үш жыл бойы ол Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қайырымдылық қорын басқарған.

2024 жылдың қарашасында Қайрат 1,5 миллиард теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды. Бұл қаражат су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде жиналғаны айтылды. Бірақ тергеу нұсқасы бойынша, қаражаттың бір бөлігі Қайраттың жеке шығындарына - элиталық жылжымайтын мүлік, автокөліктер мен саяхаттарға жұмсалған.
Қор қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыру үшін Қайрат туыстарын тартқан. Іс бойынша оның анасы Ғайни Алашбаева да сыбайлас ретінде өткен.
2025 жылдың наурызында оның Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қоры сот шешімімен жойылды.
16 шілдеде іс бойынша жәбірленушілер сотқа әлеуметтік желідегі жарнамаға сеніп, қайырымдылық көмек көрсетуге шешім қабылдағандарын айтты. Сондай-ақ сотта тергеу амалдары барысында тәркіленген мүліктің тізімі оқылды.
Нәтижесінде Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның анасы Гайни Алашбаева 7 жылға сотталды.


Фото:Tengrinews.kz