Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мұхтар Шаханов жансақтау бөліміне түсіп қалды

Мұхтар Шаханов жансақтау бөліміне түсіп қалды

Мұхтар Шаханов жансақтау бөліміне түсіп қалды

Қазақстанның халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың денсаулығы сыр берді.

Ақын қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Ақпаратты Мұхтар Шаханов қорының төрағасы Нұржігіт Ысқақ растады.

Оның сөзінше, 84 жастағы ақын біршама уақыттан бері ауруханада емделіп жатыр. Ал жақында жағдайы ауырлап, жансақтау бөліміне ауыстырылған.

“Халқымыздың қаһарман ақыны, әрі жазушысы, ұлт үшін жанын аямай тер төккен азаматы Мұхтар Шахановты білмейтін қазақ кем де, кем! Тек қазақ емес, бүкіл түркі әлемін де мойындатқаны өтірік емес. Кеңестік жүйенің қылышынан қан тамып тұрған кезінің өзінде басын бәйгеге тігіп, Кремльдің төрінде Желтоқсан оқиғасын әлемге паш еткенінің өзі не тұрады! Айтар болсақ ол кісінің елге жасаған қызметін санап тауыса алмаспыз. Қазір көкеміз 84 жасқа келді. Бірақ, денсаулығы сыр беріп, жансақтау бөлімінде жатыр. Ендеше, құрметті халайық! Көкеміздің тез сауығып, ортамызға оралуы үшін дұға жасап қояйық!” – деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.


Фото:instagram.com/mukhtar_shakhanov_official