Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

17 жастағы футболшы Дастан Сәтпаевқа “Дарын” жастар сыйлығы табысталды

17 жастағы футболшы Дастан Сәтпаевқа “Дарын” жастар сыйлығы табысталды

17 жастағы футболшы Дастан Сәтпаевқа “Дарын” жастар сыйлығы табысталды

17 жастағы алматылық "Қайрат" клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаевқа "Дарын" жастар сыйлығы ресми түрде табысталды.

Марапатты Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева тапсырды.
Танымал жас спортшы 2025 жылғы сыйлықтың "Спорт" номинациясы бойынша лауреат атанған енді. Өз сөзінде Аида Балаева Дастанның тек жоғары нәтиже көрсетіп қана қоймай, өскелең ұрпаққа үлгі болып жүргенін атап өтті. Сондай-ақ ол жастарды спортқа баулып, салауатты өмір салтын насихаттаудағы еңбегін ерекше бағалады.
Айта кетейік, 2025 жылы "Спорт" номинациясында әйелдер арасында екі дүркін әлем чемпионы, боксшы Аида Әбікеева да жеңімпаз айтулы номинацияны жеңіп алған.
Сондай-ақ Дастан Сәтпаев 2025 жылы "Қайрат" клубының үздік сұрмергені атанып, командасымен бірге ел чемпионатында топ жарды. Сонымен қатар ол Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуға елеулі үлес қосты. Жас футболшы 16 жасында Англияның "Челси" клубынан шақырту алған.
Ал Аида Әбікеева жыл басында Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған әлем чемпионатында алтын жүлде жеңіп алса, Англияда өткен World Boxing ұйымының әлем чемпионатында да топ жарып, екі дүркін әлем чемпионы атағына қол жеткізген.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі