Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

LRT бағаналарындағы бояу түсе бастады - CTS жағдайды түсіндірді

LRT бағаналарындағы бояу түсе бастады - CTS жағдайды түсіндірді

LRT бағаналарындағы бояу түсе бастады - CTS жағдайды түсіндірді

Астана тұрғындары LRT желісі бағаналарының жуырда ғана боялғанына қарамастан, кей жерлерінде бояудың түлеп, түсе бастағанын байқады. City Transportation Systems (CTS) компаниясы бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

Мән-жай
Былтыр мамырда LRT желілерінің төменгі аумағын абаттандыру басталды: мұнда ағаштар егіліп, эстакада тіреулері боялған еді.
Алайда арада бір жыл өтпей, елордалықтар құрылымдардағы бояудың қабыршақтанып жатқанын аңғарды.

CTS не дейді?
CTS компаниясының жауабына сүйенсек, жақын арада бағаналар қайта боялады.
"Бағаналар мен эстакада элементтерін бояу жұмыстары қысқы кезеңде тоқтатылған еді. Күн жылынған соң бояу жұмыстары аяқталады", — деп хабарлады компания өкілдері.
Сондай-ақ, онда LRT желісінің жалпы ұзындығы 22,4 шақырым екенін еске салды.
Еске салайық, Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) желісін сынақтан өткізе бастағаннан бері алты ай өтті. Елорда әкімдігі жобаны іске асыру жұмыстары қатаң кестеге сай жүргізілуде және жолаушылар тасымалын бастау осы жылдың көктеміне жоспарланғанын хабарлады.